Командалық есеп бойынша Қазақстан қысқы универсиадада екінші орынды сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакияда өтіп жатқан қысқы универсиаданың сегізінші күнінде жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан спортшылары екінші орында тұрақтап қалды, деп хабарлады sports.kz.
Штребске плесо таушаңғысы курортты аймағында өтіп жатқан сайыста Ресей спортшылары 14 алтын, 12 күміс, 13 қола медальмен алда келеді.
Екінші орын иеленген Қазақстан командасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс бар, үшінші орынға табан тіреген Польша спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальді еншіледі.