Комендатура: Атырау облысында бүлікке қатысқандарды ұрып-соғып жатыр деген ақпарат - жалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Атырауда «Динамо» спорт залын митингіге қатысқандарды ұрып-соғатын жерге айналдырғаны туралы хабарлама таралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Комендатура: Атырау облысында бүлікке қатысқандарды ұрып-соғып жатыр деген ақпарат - жалған

Құқық қорғау органы қызметкерлері соққыға жыққандардың арасында блогерлер, азаматтық белсенділер және қарапайым тұрғындар бар екен. Атырау облысының комендатурасының хабарлауынша, бұл ақпарат – фейк.

– Атырау облысының комендатурасы әлеуметтік желілерде «Динамо» спорт кешенінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтарды ұрып-соғу туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Жақындарын немесе туыстарын жоғалтқан адамдардан 102 операторына немесе 98-10-04 нөмірі бойынша хабарласуларын сұраймыз, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.