Комиде 15 оқушы мінген автобус аударылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Комиде балалар бишілер тобының автобусы аударылды. Апат 10 тамызда «Сыктывкар - Ухта» трассасының 80 шақырымында орын алды.
Салонда 15 бала мен 2 ересек адам болған. ТАСС ақпаратынша, олардың барлығы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Автобус апаттық қауіп бар жолмен жүрген. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жүргізуші көлікті басқара алмай, көлік жыраға түсіп, аударылды.
Жол-көлік апаты кезінде балаларда қауіпсіздік белдігі тағулы болды. Жарақаттары ауыр емес. Бір қыздың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.