Комиде теміржол апатынан екі жолаушы қаза болды

АСТАНА. KAZINFORM – Комиде жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.

Два пассажира погибли в железнодорожной аварии в Коми
Фото: РФ ТЖМ

Жолаушылар пойызының рельстен шығып кетуіне байланысты 40 адам зардап шеккен, олардың 7-уінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Комидегі №511 жолаушылар пойызы апатының салдарымен жұмыс жүргізіліп жатыр, ерекше тапсырма түскенше төтенше жағдай режимі енгізілді.

Коми елінің басшысы Владимир Уйбаның хабарлауынша, оқиға орнына баратын көлік жолының жоқтығы құтқару жұмыстарын қиындатып жіберді. Осыған байланысты билік өкілдері Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы вагонын ұйымдастырып, ол апат болған жерге бірінші болып жетті.

Оған қоса жолаушыларды эвакуациялау үшін санавиация ұшағы жұмылдырылды.

Сонымен қатар зардап шеккен 10 адам ауруханаға жеткізілді. Тағы бір жолаушы іздестіріліп жатыр.

Вагондардың рельстен шығып кетуінің алдын ала себебі жаңбырмен байланысты болып отыр. Бейсенбі күні Солтүстік темір жол бөлігі ішінара қалпына келтірілді.

Төтенше жағдайға байланысты Тергеу комитетінің Коми бойынша басқармасы іс қозғады (теміржол көлігін пайдалану және қауіпсіздік ережесін бұзу).

Осыған дейін Коми мемлекетінде Воркута қаласынан Новороссийск бағытымен кетіп бара жатқан №511 жолаушылар пойызының 14 вагонының 9-ы рельстен шығып кеткені хабарланды. Пойызда 215 адам болған.