08:09, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Комидің қарттар үйіндегі өрттен 23 адам қаза болды
МӘСКЕУ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Комидің Подъельск селосындағы қарттар үйінде болған өрт оқиғасы салдарынан 23 адам қаза болып, үш адам құтқарылды.

Адам қазасының себебі де анықталып отыр - олар иіс тиіп уланған. Бұл жайтты сот-медициналық сараптамасы анықтап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиосына сілтеме жасап. Қайғылы оқиғаның себебін тексеру жалғасуда. Негізгі долбарлардың бірі бойынша, өртке сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы ықтимал. Оған қоса, өрт инспекциясы тарапынан да қарттар үйіне қойылған көптеген талаптар орындалмаған.