14:48, 18 Қаңтар 2023 | GMT +5
Көмір, астық және әлеуметтік маңызды тауарлардың сауда жүйесін қадағалау жалғасады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы министрінің көмір, астық және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қозғалысын электронды шот-фактура арқылы бақылау жобасының мерізімін ұзарту туралы бұйрығы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған бұйрықтың күші 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылмақ.
Бұл бұйрық Қазақстаннан аталған үш санаттағы тауарларды импорттаушылардың, жер қойнауын игерушілер мен тауар жеткізушілердың жұмысын реттеуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне алынбаған салық төлеушілер заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге астық, көмір және әлеуметтік маңызы бар тауар сатқан кезде электронды шот-фактура жазып беруге міндеттеледі. Ал өзі пайдалану үшін сатып алған нақты тұтынушыға көтерме бағасыз сатқан жағдайда бұл талап міндетті емес.
Бұйрық 18 қаңтар күшіне енгенімен, құқықтық қатынаста 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталған мәмілелерге әсері бар.