Көмір тиелген 15 вагон рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иркутск облысының Нижеудинск ауданында көмір тиелген 15 вагон рельстен шығып кетті, оның үшеуі аударылды, деп хабарлады РИА Новости өңірдің төтенше жағдай қызметтеріне сілтеме жасап.

Көмір тиелген 15 вагон рельстен шығып кетті

«Транссібір темір жол торабының Камышевск-Ук өткелінде көмір тиелген 15 вагон рельстен шығып кетті», - деді агенттіке сұхбат беруші.

Оның айтуынша, апат орнына үш апаттық-қалпына келтіру вагондары жіберілді. Алдын ала болжамға қарағанда, зардап шеккендер жоқ.