Көмірді бөлшек саудада сатушылардың монополияға қарсы комплаенс актілерін әзірлеу жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көмірді бөлшек саудада сатушылардың монополияға қарсы комплаенс актілерін әзірлеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдің депутаттар сауалына жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көмірді бөлшек саудада сатушылардың монополияға қарсы комплаенс актілерін әзірлеу жүргізілуде

«Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларының бұзылуын алдын алу мақсатында көмірді бөлшек саудада сатушылардың монополияға қарсы комплаенс актілерін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл актілерге сәйкес нарық субъектілері нарықта адал бәсекелестікті жүзеге асыруға және коммуналдық-тұрмыстық көмір бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеуге міндеттенеді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қажет болған жағдайда монополияға қарсы ден қою шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік беретін мониторингтік іс-шараларды апта сайынғы негізде жүргізуде», - делінген Роман Склярдің Мәжіліс депуттары сауалына берген жауабында.

Оның атап өтуінше, уәкілетті орган «Қаражыра» АҚ, «Шұбаркөл Көмір» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС көмір өндіруші компаниялардың мүдделерін білдіретін тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығымен өңірлік көтерме сатушыларға жөнелту кезінде бағаның өсуін болдырмау туралы меморандумды жасасты.

«Сондай-ақ бұл ұсынымдар негізінде әкімдіктер өңірлік операторларға талаптар бөлігінде ұсыныстар әзірледі, олар қазіргі уақытта сауда-саттыққа делдалдарсыз тікелей қатысады және көмірді түпкілікті тұтынушыға, яғни халыққа сатады. Жылыту маусымында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аумақтық бөлімшелері апта сайын темір жол базаларынан (тұйықтардан) сатылатын көмірдің босату бағаларының мониторингісін жүзеге асырады»,- деді Премьер-Министрдің орынбасары.