Комиссия отырысында азаматтардың білікті медициналық көмек алудағы құқықтарын қамтамасыз ету жайы талқыланды

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Сағынбек Тұрсыновтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың денсаулығын қорғау және білікті медициналық көмекті алу үшін конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне арналған кезекті отырысы өтті.
None
None

Отырыста медицина қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру, ресурстарды тиімді пайдалану, жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жетімділік, медициналық қызметтердің сапасы, бәсекеге қабілеттілігі және қауіпсіздігі туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, денсаулық сақтауды жүйелі жаңғырту, адамдардың өмір сапасын түбегейлі көтеру мақсатында заманауи инновацияларды енгізу, олардың денсаулығын жақсарту мәселелері сөз болды. Талқылау барысында азаматтардың денсаулығын қорғау және білікті медициналық көмек алудағы конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуді шешу - бұл кешенді, бейнетті әрі мақсатты міндет екендігі айтылып, оның нәтижесі баршаның және әркімнің күш салуына байланысты екендігі атап өтілді. Комиссияның аталған проблемаларды шешуді жетілдіру жөніндегі ұсыным қорытындысы Парламент пен Үкіметтің назарына жеткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар