Комиссия отырысында Жоғарғы Соттың 4 судьясының қызметін қайта қалпына келтіру мәселесі көтерілді

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында Жоғарғы Соттың 4 судьясының қызметін қайта қалпына келтіру мәселесі көтерілді. Бұл туралы бүгін аталған комиссия отырысы барысында журналистердің сауалына жауап беру кезінде Жоғарғы Соттың судьясы Әбдірашид Жүкенов айтты.
None
None

Бүгін комиссия отырысында Жоғарғы Соттың 4 судьясының мәселесі сөз болды. Олардың іс-әрекеттерінде қылмыстық құрам болмағандықтан қылмыстық іс қозғалмағаны бұған дейін хабарланған болатын.

Жалпы бүгінге дейін олардың қызметіне оралуына байланысты ешқандай шешім қабылданбағанына тоқталған Ә. Жүкенов, «бүгін коммисия мүшелері аталған судьяларды өз орнына, яғни қызметін қалпына келтіру жөнінде мәселе көтеріп жатыр. Бұл мәселе енді қалай шешілетінін қазір айта алмаймын»,-деді.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы 14 сәуірде ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Мемлекет басшысының атына жасаған ұсынысы бойынша ҚР Жоғарғы сотының 6 судьясы қызметтерінен босатылған болатын.

Атап айтқанда, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ҚР Президентінің атына бірқатар судьяларды ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босату туралы ұсыныс жасады. Олар: Алмаз Тәшенова, Мақсат Әбілқайыр, Мәрзия Балтабай, Сайлаубек Жәкішев, сондай-ақ Бақытжан Жақыпов пен Марклен Қамназаровтар.

Соңғы жаңалықтар