Комитет шетелден қаржы алатын тұлғалардың тізімін жасауға қатысты түсініктеме берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден қаржы алатын тұлғалардың тізілімін жасауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
«2018 жылдан бері Салық кодексімен шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғаларға мемлекеттік кірістер органдарына есептілік беруі туралы талап енгізілген болатын. 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына түзетулер енгізілді. Оған сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті өзінің интернет-ресурсында (Kgd.gov.kz) шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізілімін шамамен алдағы күзге дейін жариялайды», - делінген комитет хабарламасында.

Комитет бұл шара азаматтардың мемлекетке, үкіметтік емес ұйымдарға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді деді.


Соңғы жаңалықтар