Коммерциялық мақсаттарға жер теліімдерін беру үшін пара алу - кәсіпкерлерге қысым жасаудың кең тараған түрі - Қаржы полициясы

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Коммерциялық мақсаттарға жер телімдерін беру үшін пара алу - кәсіпкерлерге қысым жасаудың кең тараған түрі.

Коммерциялық мақсаттарға жер теліімдерін беру үшін пара алу - кәсіпкерлерге қысым жасаудың кең тараған түрі - Қаржы полициясы

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

«Кәсіпкерлерге қысым жасаудың тағы бір кең тараған түрі коммерциялық мақсаттарға жер учаскелерін беру үшін пара алу болып отыр», - деді ресми өкіл.

Мәселен, оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында «Стройуниверсал-А» ЖШС атқарушы директорынан өндірістік базаны салуға жер учаскесін бергені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы  Қ. Мұратбеков 10 жылға бас бостандығынан айырылды.