Коммерциялық мүлікті жалға беру бағасы өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта елімізде коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 0,8 пайызға өсті.
None
None

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта өндірістік жайларды жалға беру бағасы 1,6 пайызға, әкімдік-кеңсе мақсатындағы жайларды жалға беру 1,1 пайызға өскен.

Ағымдағы жылғы алты айда жер асты паркингтерін жалға беру бағасы 7,9 пайыз, дәріханаларда - 4,2 пайыз, валютаны айырбастау пункттерінде - 3,2 пайыз, өнеркәсіптік базаларда - 2,7 пайыз, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету стансаларында - 2,6 пайыз, дүкендерде - 1,2 пайызға өскен.

Сонымен бір мезгілде, банк филиалдарына арналған орын-жайларды жалға беру бағасы 1,3 пайызға, көлік жуу орындары - 0,9 пайызға, шаштараздар мен сұлулық салондары - 0,6 пайызға, мейрамханаларды жалға беру  0,3 пайызға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар