Коммерциялық ұйымдарға қарақшылық шабуыл жасап келген Оңтүстік Қазақстан облысының 4 тұрғыны ұсталды

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Коммерциялық ұйымдарға қарақшылық шабуыл жасап келген Оңтүстік Қазақстан облысының 4 тұрғынынан құралған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы бүгін брифингте ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті,

Коммерциялық ұйымдарға қарақшылық шабуыл жасап келген Оңтүстік Қазақстан облысының 4 тұрғыны ұсталды

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қазіргі уақытта олардың Испания мемлекетінің азаматтары жалдаған пәтерді тонағандықтары, «Оптика» медициналық орталығына қарақшылық шабуыл жасап 5 млн. теңгені алып кеткендіктері анықталды.

 Енді полицейлер топтың осыған ұқсас қылмыстарға қатысын тексеруде.