Коммуналдық қызметтер тарифтерін арттыру коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғыртуға бағытталған
АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Коммуналдық қызметтер тарифтерін арттыру коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғыртуға бағытталған.
Үкімет тарапынан тариф құрылымдау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігін қорғау үшін нақты шаралар қабылдауда.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2012 жылы базалық табиғи монополиялар субъектілерінің 42 тарифіне өтінімдерді қарастырды. Нәтижесінде монополистер сұрап отырған кіріс 55 млрд. теңгеден астам сомаға қысқарды. Жыл сайын монополистердің инвестициялық міндеттемелерді орындауына сараптама жүргізілуде. Орындалмаған не болмаса мақсатсыз пайдаланылған жағдайда тұтынушылардың тығыстарын қайтару туралы шешім қабылданды. 2012 жылдың ішінде 189 табиғи монополиялар субъектілеріне уақытша өтемақы тарифы енгізілді, тұтынушыларға қайтарылған жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгені, ал 2011 жылы 164 ТМС-тен 3,2 млрд. теңгені құрады.
2012 жылы 471 тексеру жүргізіліп, заңнаманы бұзуларды жою бойынша 744 ұйғарым шығарылды, 376 сот қарауына қатысты, айыппұл санкциясы түрінде 205 млн. теңге өндірілді.
2013 жылдың 5 айында 238 тексеру жүргізіліп, 226 сот отырысында қатысты, 706 ұйғарым, 99 қаулы шығарылды. Нәтижесінде салынған айып көлемі 356 млн. теңгені құрады, оның шамамен 32 млн. теңгесі қайтарылды.