Коммунистік партия бас хатшысының немересі төбелесте мерт болды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - 1980 жылдары Чехословакияның Коммунистік партиясының бас хатшысы қызметін атқарған Милош Якештің немересі Лос-Анджелесте қаза болды.

Коммунистік партия бас хатшысының немересі төбелесте мерт болды

Ceskatelevize чеш порталының хабарлауынша, Петер Якеш көшеде төбелесіп қалып, сол жерде мерт болды. Ал оның денесі өткен аптада табылды.

Басылымның ақпараты бойынша, жас жігіт АҚШ-қа оқуға өткен айда, осы елде екі жыл тұруды жоспарлап келген. Тағы бір белгілі мәлімет, ол жергілікті түнгі клубтардың бірінде қосымша жұмыс істеген және жекпе жек өнерімен әуестенген, деп хабарлады EuroZpravy.CZ.