Компьютер алдында көп отыратындар қарапайым өмірді аңсайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамдардың төрттен бір бөлігі дүние тым қатты өзгеріп кетті деп санайды. Мұндай қорытынды әлемнің 20 елінде жүргізіліп, 60 мың адамды қамтыған жаһандық сауалнама нәтижесінде жасалып отыр. Бұл туралы «ВВС» хабарлады.

Компьютер алдында көп отыратындар қарапайым өмірді аңсайды

«Ipsos MORI» компаниясы жүргізген әлемдік жоба адамдардың жоғары технологияларға көзқарасы мен жаһандану үдерісіне пікірін анықтау мақсатында жасалған. Сауалнамада респонденттердің 10-нан 6-сы компьютер, түрлі электронды құрылғылардың алдында тым көп отыратынын айтып, қарапайым өмірді аңсайтынын жеткізген. Ең қызығы, зерттеу нәтижесі бойынша, адамдар қазіргі жоғары технологиялардың адам өміріне ықпал етуіне наразы екен. Дегенмен, көпшілік сауалнамада электронды құрылғылар жұмысты айтарлықтай жеңілдеткенін мойындаған.