Компьютер ойындары күйзелістен сақтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандар 60 пен 89 жас аралығындағы қарт адамдардың арасындағы күйзеліске компьютер ойындарының әсерін зерттеді.
None
None

Зерттеу барысында ойын қарттардың депрессияға шалдығуына жол бермейтіні анықталды. Тәжірибеге қатысқан қарт адамдар бір аптаның ішінде 30 сағат арнайы ойындар ойнауы қажет болды. 4 апта уақыт өткен соң шыққан нәтиже күйзеліске қарсы эсциталопрам препаратының үш айлық курсынан кейінгі нәтижемен бірдей болып шықты.

Бұл жерде мамандан ойынның екі түрін қолданды. Бірінде экрандағы шар түсін өзгерткен сайын түймені басып отыру қажет. Ал екінші ойында тізімдегі заттарды топ бойынша бөліп шығу қажет. Ойын барысында жылдамдық пен тапқырлық қажет.

Осы сынды ойындарды ойнау барысында тәжірибеге қатысқан адамдардың 72 пайызы толықтай күйзелістен арылғаны анықталды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар