Компьютердегі кемшілік салдарынан Delta Airlines ұшақтары ұшпай қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Delta Airlines авиакомпаниясы компьютерлік олқылыққа байланысты әлем бойынша ұшақтарының ұшуын тоқтатты. Бұл туралы компания өкілдері Туиттердегі парақшасында хабарлады.
Хабарламада, әуедегі рейстер ұшуын жалғастырады, бұл ұшуға бет алған жердегі ұшақтарға байланысты екендігі көрсетілген.
Due to a computer outage, flights awaiting departure are currently delayed. Flights enroute are operating normally.
— Delta News Hub (@DeltaNewsHub) 8 августа 2016 г.
Ақаулықтың тууына не себеп болғаны әзірге белгісіз. NBC News хабарлауынша, Нью-Йоркте JFK әуежайында жолаушылар ұшақтан шығарылған, кеменің қашан әуеге көтерілетіні айтылмаған.
Рим әуежайындағы куәгерлердің бірі басылымға ұшаққа отыру үшін бір сағаттан артық күтуге мәжбүр болғанын айтты.