Компьютердің алдында көп отыратын қыз-келіншектер тез қартаятын көрінеді

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Компьютердің алдында көп отыратын қыз-келіншектер тез қартаятын көрінеді. Косметикалық хирургия саласындағы жетекші британдық мамандардың бірі доктор Майкл Прейджер осындай мәлімдеме жасап отыр.
None
None

Доктор компьютердің алдында көп уақыт өткізетін барлық клиенттерінен ерте қартаюдың белгілерін байқағанын айтады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Экранға көз салған кезде қабақтарын түйетін немесе көздерін сығырайтатын «сұлулардың» қатарында болсаңыз, бетіңізге мерзімінен бұрын әжім түсетіндігіне кепіл беремін. Компьютердің алдында ұзақ отырудың тағы бір теріс салдары бар: ұзақ уақыт бойы бір қалыпта және басты төмен қаратып отырудың салдарынан қыз-келіншектердің иектері салбырап кетеді», дейді Прейджер мырза.

Осы белгілерді өз бойларынан анықтау үшін доктор қыз-келіншектерге жұмыс кезінде өздеріне қарап отырулары үшін, компьютерлерінің қасына айна қоюға кеңес береді. «Кеңесіме құлақ асқан клиенттерім жұмыс кезіндегі өздерінің сыртқы келбеттеріне қарап шошынады», дейді ол.

«Компьютерлік келбетпен» күресу үшін Прейджер мырза компьютермен жұмыс істейтін әйелдерге ара-тұра үзілістер жасауға және бет-мойын бұлшық еттерімен жаттығулар жасауға, тіпті болмаса ботокс инъекцияларын жасауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар