Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Компьютердің алдында отыратын адамдар бал қосылған шайды жиі ішкені абзал - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеңсе қызметкерлерінің арасында зерттеу жүргізген ғалымдар, компьютер алдында көп отыратын адамдарға шай мен балды жиі ішуге кеңес береді. Себебі олар адамның көздің көру қабілетін күшейтеді. Бұл туралы rosbalt.ru хабарлайды.

Компьютердің алдында отыратын адамдар бал қосылған шайды жиі ішкені абзал - ғалымдар

Мамандардың айтуынша, егер адамдар компьютермен көп жұмыс жасайтын болса, шай мен ара балы көз ауруларын алдын алуға үлкен әсерін бермек. Соның ішінде жөке немесе түйебұршақ балдары қосылған шайдың пайдалы қасиеті көбірек, деп хабарлайды Vladtime.

Көздің майын тауыспайын дейтін адамға күніне үш немесе төрт кесе шай ішіп тұру қажет. Сонымен қатар компьютер мониторынан бір мезгіл демалып тұрған абзал.