Компания толығымен шетелдіктердің иелігінде болғанына қарамастан, мұнда тек қазақстандық мамандар еңбек етеді - «Парыз-2009» Гран-при иегері

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Біздің кәсіпорын толығымен шетелдіктердің иелігінде. Бірақ осыған қарамастан, бұл жерде тек қазақстандық мамандар ғана еңбек етуде. Бүгін астаналық Конгресс-Холл сарайында өткен «Парыз - 2009» сыйлығын табыстау салтанаты аясында журналистерге сұхбат берген конкурстың Гран-при иегері  «Торғай  - Петролиум» АҚ-ның басшысы Абзал Айдарбаев осылай айтты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Торғай  - Петролиум» АҚ-да биыл қосымша 70 жаңа жұмыс орны ашылды. Компанияның бастамасымен Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесе отырып, «Демеу» атты корпоративті қор құрылды. Бұл қорда облыстағы барлық мұнай-газ компанияларының қаржылық ресурстары жинақталады. Ал осы қаражаттың арқасында мектеп пен балабақша құрылысы сияқты сан алуан жобалар жүзеге асырылып келеді. «Мәселен, биыл біз Қызыорда облысындағы әлеуметтік-мәдени ошақтарды күрделі жөндеуден өткізіп, жас мамандарды қайта даярлау ісіне өз үлесімізді қостық», - дейді А.Айдарбаев.

Айта кетейік, бүгінде «Торғай  - Петролиум» АҚ-сын Ресейдің «Лукойл» және Қытайдың «SNPS» компаниялары тең бөліп басқарып отыр. «Мұндағы барлық қызметкерлер - қазақстандық мамандар. Олардың саны - 620 адам. Мамандардың орташа жалақысы 3 мың долларды құрап отыр», - дейді А.Айдарбаев.

Соңғы жаңалықтар