Компанияларда тәуелсіз директорлар тапшы-"Olympex Advisers" компаниясының өкілі

АЛМАТЫ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Директорлар кеңесі компанияны басқарудың стратегиялық органы болу керек.

Компанияларда тәуелсіз директорлар тапшы-"Olympex Advisers" компаниясының өкілі

Бүгін Алматыда өтіп жатқан корпоративті басқару мәселесіне арналған ІІІ Орталықазиялық саммитте бұл туралы "Olympex Advisers" ЖШС-нің Корпоративтік мәселелер жөніндегі тобының директоры Есен Масалин айтты.

Оның айтуынша, қазір компанияларда тәуелсіз директорлар тапшы болуда. Кей жағдайда түйіндемесін алған соң топ-менеджерлердің өкілі алғашқы әңгімелесуден кейін бірден шешім қабылдап жатады. Тіпті мұндай шешім телефон арқылы болған әңгімелесуден кейін де жасалады. Бұл дұрыс емес. "Директорлар кеңесі мүшелерін сұрыптау бірнеше кезеңнен тұру керек. Оған қойылатын талап та жоғары болуға тиіс. Заң бойынша Директорлар кеңесі атқарушы органнан жоғары тұруы қажет", - дейді Есен Масалин.

Екікүндік бұл шараны Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Оған мемлекеттік, аймақтық реттеу органдарының және ұлттық компаниялардың, қаржы секторы өкілдері мен Орталық Азия елдерінің уәкілдері қатысуда.