Компаниялардың отандық өндірісшілермен жасаған меморандумдары 600 миллиард теңгеден асып отыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Компаниялар өздеріне қажетті қызмет пен тауар түрлерін сатып алуда отандық өндірісшілермен 600 миллиардтан астам теңгенің меморандумын жасады.
None
None
Бұл жайлы бүгін Премьер-Министрдің Алматыдағы жұмыс сапарының аясында қалалық әкімдікте өткен алқалы жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Компаниялардың өз жұмысына қажетті қызмет пен тауар түрлерін сатып алуда қазақстандық үлесті арттыру бағытында қазіргі таңда 600 миллиардтан астам теңгенің меморандумы жасалды. Бұл шара Солтүстік пен Оңтүстік Қазақстан облыстарында ғана аяқталған жоқ. Ол жақын арада жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Біздің және жергілікті әкімдіктердің басты міндеті енді алдағы уақытта осы меморандумдар бойынша тараптардың келісім-шартқа қол қоюы болмақ», - дейді ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник. Оның айтуынша, келісімшартқа қол қойғаннан соң осы уақытқа дейін қордаланып келген мәселелер өз шешімін табатын болады.
Соңғы жаңалықтар