Компаниямыздың өнімі Қысқы Азиаданың ақпараттық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ететін болады - «Доктор Веб» компаниясының Бас директоры

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарының ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі ресми серіктесі - Dr.Web маркалы ақпараттық қауіпсіздік құралдарының ресейлік әзірлеушісі «Доктор Веб» компаниясы екендігі анықталды.
None
None

Екіжақты келісім нәтижесінде, 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының жарыстарын қамтамасыз ететін электрондық табло, жарықтық анимация, төрешілер комиссиясы шешімдерінің нәтижелері, метеоаспаптар мен сандық техника Dr.Web-тің қорғауында болады.

«Доктор Веб» - Қазақстанда көп жылдардан бері табысты қызмет етіп, сенімді ақтап келе жатқан компания. Бүгінде «Қазақтелеком» сияқты алпауыт компанияның өзі ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде осы компанияға сенім артады. Біз де «Доктор Веб» компаниясымен серіктесе отырып, Қысқы Азиада барысындағы ақпараттық қауіпсіздік жөнінен сенімді болатынымызды айтқым келеді», деді «2011 жылғы Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ вице-президенті Мағжан Қанғожин.

«Доктор Веб» компаниясының Бас директоры Борис Шаров компанияға Азиаданың ресми серіктесі болу үлкен мәртебе екенін атап өтті. «Өткізілгелі отырған айтулы дода барысында кез келген спортшы, қазылар алқасы немесе журналистер өздерінің дискілерін, флешкаларын пайдаланатыны анық. Бірақ, сол арқылы вирустық қауіптер төндіруі мүмкін. Біздің компаниямыздың өнімі бұл жағдайда сапалы қызметі арқылы ақпараттық қауіпсіздікті тұрақты, сенімді қамтамасыз ететін болады», деді ол.

Соңғы жаңалықтар