«Kompetenz» сақтандыру компаниясының таза пайдасы 41 пайызға өсті

АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Kompetenz» сақтандыру компаниясы АҚ нарықтағы белсенді даму үрдісін жалғастыруға үмітті.
None
None

Компания басшылығы бүгін Алматыда 2011 жылғы қаржылық есебінің қорытындысын жариялау кезінде осылай мәлім етті.

Қазақстан нарығында 3 мамырға дейін «Allianz Kazakhstan» деген атпен жұмыс істеп келген сақтандыру компаниясының 100 пайыз акциясын 2011 жылы Alianz SE неміс консернінен Жанар Қалиева сатып алған  болатын. Одан кейін бұл компанияның көрсеткіштері төмендейді деп болжам жасаушылар көбейген еді. Алайда қазақстандықтар ешкімнің көмегінсіз өз күшімен де жұмыс жасай алатынын дәлелдеді. Директор кеңесінің төрайымы Ж.Қалиеваның айтуынша,  Allianz брендінің қымбаттығына байланысты өз атауын өзгерткен таза қазақстандық  сақтандыру компаниясы нарықтағы белсенді қызметін одан ары жалғастыруда. «PWC халықаралық аудиторлық компаниясының аудиттік есептемесіне сәйкес  2011 жылы жинақталған сыйақылардың жиынтық көлемі 3,9 миллиард теңгені құрады. Таза пайда  41 пайызға жоғарылап, 172-ден 243 миллион теңгеге дейін өсті. Меншікті капитал 29 пайызға артып, 2 миллиард  277 миллион теңгені, ал жарғылық капитал 11 пайызға өсіп, 2 миллиард 612 теңгені құрады», - дейді Жанар Қалиева.

Соңғы жаңалықтар