03:31, 21 Маусым 2016 | GMT +5
Композитор Арктикадағы мұздықтар жанында рояльмен композиция орындады (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиялық композитор Людовико Эйнауди Greenpeace ұйымының «Арктиканы қорғайық» акциясы аясында «Актрика элегиясы» (Elegy For The Arctic) композициясын Солтүстік мұзды мұхитта мұздықтар жанында орындады

Людовико Эйнауди Норвегияның Wahlenbergbreen мұздығы жанында жүзіп жүрген жасанды мұздың үстінде отырып өзінің композициясын орындады. Сазгер осылайша Артика мұздықтары мен ондағы жануарларды қорғауды талап еткен дамдардың қатарына қосылды.