Коньки спорты бойынша ҚР Чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Коньки спорты бойынша ҚР Чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды,

Коньки спорты бойынша ҚР Чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

деп хабарлайды «Алау» Спорт сарайының баспасөз қызметі.

Классикалық көпсайыстағы төрт қашықтық қорытындысы бойынша әйелдер арасында жүлделі І орын Жигина Ольгаға (Астана қаласына) бұйырды. ІІ және ІІІ жүлделі орындарды сәйкесінше Урванцева Елена (Петропавл) және Иванова Марина (Қарағанды) иемденді.

Дәл осындай классикалық көпсайыстан ерлер арасында І орынды Белоусов Артем (Астана), ІІ орынды Баклашкин Максим (Астана), ІІІ орынды Мезенцев Федер (Алматы) алды.

Жеңімпаз спортшыларды Қазақстан Республикасы коньки спорты бойынша құрама командасының бас жаттықтырушысы Владимир Саютин және классикалық көпсайыс бойынша әлемнің абсолютті чемпионы, 1500 метр қашықтықта Олимпиада жүлдегері Олег Божьев марапаттады.

Бүгін спринттік көпсайыс бойынша жеңімпаздар анықталып, жалпы Чемпионаттың жабылу рәсімі өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 500 метрлік қашықтықта Қазақстан рекорды жасалды. Бұған дейін Роман Креч рекордты Канаданың Калгари қаласындағы биік таулы мұз айдынында жасаса, бұл жолы Астана қаласында жазықтағы мұз айдынында өз рекордын жаңартты.