Конькимен сырғанау: Екатерина Айдова әлем чемпионатында үздік сегіздікке енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Херенвенде өтіп жатқан әлем чемпионатында конькимен сырғанаудан әйелдер арасындағы 1500 шақырымдық жарыс аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл сында Қазақстан атынан екі спортшы бақ сынаған болатын.
Қуанышқа орай, Екатерина Айдова да, Надежда Морозова да үздік ондыққа енді. Аидова 8-ші, Морозова 10-шы орыннан көрінді.
Бұл бәсекеде норвегиялық Рагна Виклунд алтын, америкалық Бриттани Боуи күміс, ресейлік Евгения Лаленкова қола жүлдегер атанды.