Конькимен сырғанаушы Е.Айдова - Әлем кубогының кезеңінде «В» тобында 1500 метрге жүгіруде 17-ші орында
АСТАНа. ҚазАқпарат - Норвегияның Ставангер қаласында конькимен сырғанау спорты бойынша әлем кубогының кезеңі жалғасуда, деп хабарлады sports.kz.
Онда ресейлік Ольга Граф үздік нәтиже көрсетті, екінші орында - голландтық Анук ван дер Вейден, Ресейдің тағы бір өкілі Юлия Скокова үшінші орынға шықты.
Қазақстандық конькиші Екатерина Айдова 17-ші болып келді.
Коньки спорты. Әлем кубогы. Бесінші кезең. Ставангер (Норвегия)
Әйелдер. 1500 метр. В тобы.
1. Ольга Граф (Ресей) - 1:56.72
2. Анук ван дер Вейден (Нидерланды) - +1.24
3. Юлия Скокова (Ресей) - +1.81
17. Екатерина Айдова (Қазақстан) - +6.65.