Конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан рекорды жаңартылды
«Алау» мұз айдыны сарайының ресми сайты мәліметіне қарағанда, Роман Креч чемпионат аясында 500 метр қашықтықта көп сатылы классикалық жарыста Қазақстан рекордын орнатты. Ол өз рекордын 00,35 секундке жақсартты. Бұдан бұрынғы рекорд «Алау» мұз айдыны сарайында 35, 50 көрсеткішінде болатын. Кешегі жетістік 35, 15 уақытымен белгіленді
Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Вадим Саютиннің айтуынша, Р. Креч қол жеткізген жаңа рекорд 2011 жылда құрама спортшыларының арасында ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 27 желтоқсанда Астанадағы «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталған еді. Екі күнге созылатын жарыстарға Вадим Саютиннің басшылығындағы ұлттық құрама және облыстар мен қалалардың командалары қатысты.
Конькимен жүгіру көпсайысынан Қазақстан чемпионаты Азия құрлығы елдерінен квалификациялық жарыстарға іріктеу болып табылады. Аталмыш квалификация жеңімпаздары өз кезегінде 2012 жылы Мәскеуде өтетін классикалық көпсайыстан Әлем чемпионатына қатыса алады. Сондай-ақ, ҚР чемпионаты барысында, квалификациямен бірмезгілде өтетін - жеке қашықтықтықтар бойынша Азия чемпионатына қатысатын Қазақстанның құрамасы жасақталмақ.
Еске салайық, классикалық көпсайыс бойынша Әлем чемпионатының квалификациялық іріктеуіне қатысуға Қазақстанда 4 квота бар. Жеке қашықтықтар бойынша Азия чемпионатына бес әйел мен бес ер спортшы таңдап алынуы керек. Көпсайыстан Қазақстан чемпионаты барысында сонымен қатар, Өңірлік әлем кубогына қатысу үшін ең үздік жас спортшылар іріктелетін болады. Азия елдерінің жасөспірімдері арасындағы Өңірлік әлем кубогы 2012 жылдың 7-8 қаңтары күндері «Алау» Мұз сарайында өтеді.