Конькимен жүгіру спортынан «Әлем кубогы» сайысында ел спортшыларынан жоғары жетістіктерді күтіп отырмыз - ұлттық құраманың бас бапкері

Ертең, елордадағы «Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіру спортынан «Әлем кубогы» басталады. Жарысқа әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен 300-ден астам спортшы бұл додада бақтарын сынайды. Олардың арасында Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен Еуропа чемпиондары және рекордшы спортшылар бар.
Ұлттық құраманың бас бапкері Вадим Саютин Қазақстан спортшыларының бесеуі алғашқы 20 үздіктердің арасына енетініне үміт артып отырғандығын, сонымен қатар 3-4 спортшының ондықтың ішіннен табылуына ұмтылыс жасалатынын жеткізді. Осы арқылы Берлиндегі Ақтық кубогке өтуге мүмкіндік жасалады.
Өз кезегінде «Алау» мұз айдыны сарайының директоры Наиль Нұров, қазіргі кезде спорт сарайы аталған маңызды сайысқа сақадай-сай екенін жеткізді. Ол бұндағы барлық техникалық құрылым мен мамандар толық жасақталғанын айта келе, шетелден келген меймандар дайындық барысында мұз айдынын жоғары бағалағанын ескеріп өтті.