Конькимен жүгіру спортынан әлем кубогына билеттер сатылымға түсті, құны - 200 теңге

Билет құны 200 теңге ғана тұрады. Ұйымдастыру комитетінің атап өтуінше, бастапқы кезеңде-ақ билет сатудан пайда табу мақсаты көзделмеген.
Ауқымды шараларға билеттерді ең төменгі бағамен сату елорданың 10 жылдық мерейтойында қалыптасқан болатын. Ең бастысы - көрмермендерге жайлы жағдай жасау, іс-шараға мейлінше астаналықтарды көптеп тарту.
Бұл жарысқа әлемнің үздік спортшылары келеді. Олардың қатарында Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарының 12 жеңімпазы бар. Сондай-ақ спорт кешеніне жиналған көрермен қысқы Олимпиада ойындарының 25 чемпионының өнерін тамашалай алады. Олардың қатарында Свен Крамер, Шани Дэвис, Боб де Йонг, Йоррит Бергсма, Иван Скобрев сынды спортшылар бар. Ал Қазақстан атынан Дмитрий Бобенко, Денис Кузин, Роман Креч, Екатерина Айдова сынды 7 спортшы қатысады.
Әлем кубогының ашылуы 25 қараша күні өтеді.