Конькимен жүгіру спортынан ел чемпионаты басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан біріншілігі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конькимен жүгіру спортынан ел чемпионаты басталды

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, ел чемпионатына 100-ге жуық спортшы қатысып, жаңа маусым алдында ұлттық құрамаға ілігу үшін күш салмақ.

Дәл осы турнирде кімнің негізгі құрамға алынып, ірі жарыстарға қатысатыны анықталады. Чемпионатта ұлттық құрамадан бөлек, жасөспірімдер командасына да іріктеу жүргізілмек.

Үш күнге созылатын Қазақстан чемпионаты Астанадағы «Алау» мұз айдынында өтіп жатыр.