Конькимен жүгіруден әлем чемпионатының алғашқы нәтижелері белгілі болды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем чемпионатының алғашқы нәтижелері белгілі болды, деп хабарлады www.24.kz.

Конькимен жүгіруден әлем чемпионатының алғашқы нәтижелері белгілі болды (ФОТО)

Әйелдер арасында конькимен 1000 метрге сырғанаудан америкалық Бриттани Боу алдына жан салмады. Ол мәре сызығына 1 минут 14 секундта жетті. Ал жерлесіміз Екатерина Айдова төртінші орыннан көрінді. Ерлер арасында 500 метрге сырғанаудан Ресейлік Павел Кулижниковқа тең келер ешкім болмады. Отандасымыз Роман Креч төртінші орында. Дүбірлі додаға 16 елден 64 конькиші қатысуда. Айта кетейік, елімізде қысқы спорттан дүниежүзілік деңгейдегі жарыс тұңғыш рет өткізіліп жатыр. Чемпионат ертең де жалғасады.