Қонаев әкімдігі жылу желілерін уақтылы ауыстырмаған компанияны сотқа берді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Қонаев қаласының әкімдігі қаладағы бірнеше нысанның құрылысын ұтып алған жосықсыз мердігер компаниямен келісімшартты бұзды.

жылу құбыры
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

«SHEBERBUILD» ЖШС-ы № 2,4,5 шағын аудандарының жылу желілерін ауыстыру жобасын ұтып, 2023 жылдың сәуір айында келісімшартқа қол қойған. Бірақ өз міндеттерін уақтылы орындамаған.

жұмысшы
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

— Мерзімінен кешіктіріліп жатқан жұмыстар бойынша ТҮКШ бөлімі бірнеше рет хат жолдап, мердігердің ісі сотта қаралды. Соңғы шешім әкімдіктің бөлімі тарапынан келісімшартты біржақты бұзу болды, — деп хабарлады әкімдіктен.

Қазіргі уақытта жылу желілерін ауыстыру бойынша мемлекеттік сатып алу порталында жаңадан конкурс ойнатылып, жаңа компания өз жұмысын бастап кетті. Әкімдік мәліметіне сәйкес, қазір жылу құбырларының дұрыс жалғанып, жалғанбағаны тексеріліп, қазылған жерлер жабылып жатыр. Жалпы алғанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 70%-ы аяқталған.

жөндеу жұмыстары
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Сондай-ақ, Қонаев әкімдігі «SHEBERBUILD» ЖШС-ымен № 10 шағын ауданда үш 60 пәтерлік көпқабатты үй салу туралы келісімшартты бұзды.

— Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. «SHEBERBUILD» ЖШС-мен шарттардың орындалмауына байланысты келісімшарт бұзылды. Нысанның құрылысын аяқтау мақсатында «Санур Строй-А» ЖШС-мен 2024 жылдың қыркүйегінде жаңа шартқа қол қойылды. Көппәтерлі тұрғын үй 30 қарашаға дейін қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр, — деп хабарлады әкімдіктен.

құрылыс алаңы
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған ірі қойма бұзылып жатқанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар