Қонаев әкімдігінде жаңа бөлім құрылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаев әкімдігінде құрылымдық өзгерістер болды. Жаңа жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі құрылды. Оны уақытша Бағдат Әлиев басқарады.

Қонаев
Фото: Алматы облысы әкімдігі

«Қонаев қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, тұрғын үй инспекциясы бөлімінен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бөлініп шықты. Шаһар басшысының өкімімен аталған бөлімнің басшысы міндетін атқарушы болып Әлиев Бағдат Исламбекұлы тағайындалды», - деп хабарлады аймақ әкімдігінен.

Бағдат Әлиев 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін мұнай газ ісі мамандығы бойынша, 2014 жылы «Ақмешіт» Қызылорда Гуманитарлық-техникалық институтын экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын «М Консалтинг Сервис» ЖШС-нің өткізу бөлімінің бастығы болып бастаған. Әр жылдары «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-нің энергияны үнемдеу зертханасының ғылыми қызметкері, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының халықаралық және өңіраралық ынтамақтастық бөлімінің ІІ дәрежелі эксперті, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің эксперті, «IANS-GROUP» ЖШС-нің техникалық өндіріс бөлімінің бастығы, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының газ инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы және т.б. лауазымдарда қызмет атқарған. 

Бұған дейін Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы сауданы дамыту бөлімінің басшысы болды.

Соңғы жаңалықтар