Қонаев қаласында 1 күн ыстық су болмайды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Қалада құбыр ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. 

Қонаев қаласында 1 күн ыстық су болмайды
Фото: Kazinform

Қалалық «Жылу орталығы» мекемесінің мәліметінше, жылу желілеріне жүргізілген сынақ кезінде бірнеше аумақта құбырлар жарылған. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарамсыз құбырлар ауыстырылып жатыр.

— Осыған байланысты 1 мамыр күні ыстық су берілмейді. Жөндеу жұмыстары 2025-2026 жылғы жылыту маусымының үздіксіз өтуіне оң әсерін тигізеді, - деп хабарлады Қонаев әкімдігінен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда биыл 70 шақырым су құбыры мен кәріз желілері ауыстырылатынын жазған едік. 

Сондай-ақ Алматыда екі апта бойы жылу желілеріне сынақ жүргізілетінін хабарладық. 

Соңғы жаңалықтар