Қонаев қаласында азық-түліктің бағасы қандай

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласында 2 әлеуметтік дүкен бар.

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында азық-түлік бағасының өсу қарқынында ең төменгі көрсеткішті сақтап отыр
Фото: gov.kz

Қонаев қаласында әлеуметтік азық-түліктің бағалары келесідей:

  • Қант – 396 теңге;
  • Ұн (І сұрып) – 239 теңге;
  • Рожки – 292 теңге;
  • Қарақұмық – 218 теңге;
  • Күріш – 460 теңге;
  • Картоп – 279 теңге;
  • Сәбіз – 198 теңге;
  • Пияз – 139 теңге;
  • Қырыққабат – 180-200 теңге;
  • Сұйық май – 811 теңге;
  • Тауық еті – 1215 теңге;
  • Сиыр еті – 2691 теңге;
  • Сүт 2,5% - 432 теңге;
  • Айран 2,5% - 490 теңге;
  • Сары май – 4701 теңге;
  • Жұмыртқа (1 санат) – 575 теңге;
  • Тұз – 85 теңге;
  • Ірімшік – 2297 теңге.

Жалпы Қонаев қаласында 2 әлеуметтік дүкен бар. Олар Қонаев көшесі 12а мекенжайында және «Айша сити» базарының маңында орналасқан.

- Бағаны тұрақтандыру қорына Алматы облысы бойынша «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жауапты. Одан бөлек, сенбі сайын «Айша сити» базарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі ұйымдастырылады, - деп хабарлады Қонаев әкімдігінен.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан қалаларында картоп бағасы қанша тұратынын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар