Қонаев қаласында қар тазалайтын техникалар қысқа дайын ба

Қонаев қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстары белсенді жүріп жатыр. 1 желтоқсаннан бастап коммуналдық кәсіпорындар күшейтілген режимде жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Kazinform.

Қонаев қаласы қысқа дайын ба
Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі

Қонаев қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгін «Қонаев Тұрғын үй» ЖШС-ның автопаркі қар тазалайтын 2 техникамен толықты. 

«Бұл көліктер жалға алынды. Одан бөлек тағы 4 техника алуды жоспарлап отырмыз. Жалпы қыс мезгілінде 16 бірлік техника қызмет көрсететін болады. Оның қатарында көктайғақ болмауы үшін құм, тұз себетін, қар шығаратын, көпқабатты үйлердің төбесінен қатқан мұзды тазалайтын және т. б. көліктер бар. Бүгінгі күні 500 тонна инерттік материал сатып алынды. Одан бөлек, қыста күнделікті 30 адам жұмыс істейді. Жалпы, қысқа толық дайынбыз десек болады», — деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Асхат Жексенбеков. 

Айта кетейік, Қонаевта қалаішілік жолдың ұзындығы 306 шақырымды құрайды.