Қонаев қаласында екі кадет сыныбы ашылды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Қонаев қаласындағы Алтынсарин атындағы №1 орта мектепте екі кадет сыныбы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қонаев қаласында екі кадет сыныбы ашылды
Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Салтанатты іс-шараны өткізу барысында Алматы облысы ТЖД «ӨМ және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағының авариялық-құтқару құралдарының, сүңгуірлік жабдықтарының және құтқару құралдарының көрмесі ұйымдастырылды.

«Патриоттық тәрбие – жас азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін, азаматтық борышын және Отан мүддесін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын қалыптастыру бойынша жүйелі және мақсатты қызмет. Азаматтыққа тәрбиелеу жеке тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын, азаматтық өзін-өзі анықтауды, ішкі бостандық туралы хабардар болуды және өзінің саяси және моральдық таңдауы үшін жауапкершілікті қалыптастыруды қамтиды. Азаматтық қорғау органдарын жандандыру және танымал ету және патриотизмді арттыру мақсатында 5 және 6 сынып курсанттарының салтанатты анты өткізілді», – деп жазылған Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.


Естеріңізге салсақ, Іле ауданы мен Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Астанадағы көпқабатты үйде өрт болғанда бірнеше адамды құтқарып, өз өмірін құрбан еткен Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубы ашылған болатын