Қонаев қаласында соңғы үш жылда ана мен бала өлімі өскен

None
Қонаев қаласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған бесжылдық кешенді жоспарында 1967 жылы салынған 27 қосқабатты үйді жаңалау көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халықтың әртүрлі топтарының тұрғын үй мәселелерін кешенді шешу өзекті мәселе болып отыр. Өйткені 2023 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша қалада 3,4 мың адам баспана кезегінде тұр. Кейінгі 3 жылда 120 отбасы баспана алды. Сонымен қатар, апатты жағдайда 1967 жылы салынған 27 екі қабатты үй бар. Олардың жалпы ауданы 264 пәтерге, яғни 9,6 мың шаршы метр баспанада тұратын адамдарға қауіп төндіреді», - делінген жоспар жобасында.

Құжатта кейінгі үш жылда қала бойынша ана мен сәбидің, онкологиялық науқастардың өлім-жітімі өскені айтылған.

«2022 жылы сәбилер өлім-жітімінің жоғары деңгейі сақталды. 1000 тірі туған сәбиге шаққанда қайтыс болғандар – 4,83-тен келеді. Қан айналымы жүйесі ауруларынан 88 өлім-жітім, қатерлі ісіктен 22 өлім-жітім тіркелді», - деп жазылған жобада.

Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында қалаға 3 трлн теңгеден астам қаражат салу көзделіп отыр.

Оның 1,4 трлн теңгесі республикалық бюджеттен алынады.


Соңғы жаңалықтар