Қонаевта 14 жасар қызды зорлады деген күдікпен екі экс-полицей ұсталды

Қонаев қаласында бұрынғы екі полиция қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Kazinform.

Изнасилование сестер-близняшек в Алматинской области: в МВД сообщили подробности
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Анонимді дереккөздің мәліметінше, Қонаев қаласында екі полиция қызметкері қызметтік жағдайын пайдаланып, 14 жасар оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсірген (видеоны қазір қызметкерлердің өздері таратып жатыр). Бізге белгілісі, оның бірі кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор, екіншісі — ғимаратты күзететін полиция қызметкері, қазір екеуі де қамауға алынып, жұмыстан босатылған», — деп жазылған қордың Instagram парақшасында. 

Алматы облысының полиция департаменті екі күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

«7 қарашада Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны екі адамның кәмелетке толмаған қызына қатысты сексуалды сипатта зорлық-зомбылық жасағанын айтып, полицияға жүгінді. Сол күні ҚР ҚК 120-бабы, 3-1-бөлігі, 1-тармағы бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жеке басын анықтап, 23 және 22 жастағы екі күдіктіні ұстады. Тергеу нәтижесі бойынша олар қамауға алынды», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полицияның мәліметінше, қылмыс жасағанға дейін полицейлер жұмыстағы кемшіліктері үшін өз еркімен жұмыстан босату жөнінде өтініш жазған.

Алайда ол кезде жұмыстан босату туралы бұйрық шықпаған болатын. Сол себепті қылмыс жасаған кезде олар полиция қызметкерлері болып саналады.

«Қазіргі уақытта олар жұмыстан шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», — деп хабарлады полиция.

Жақын уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдары сотқа жолданады. 

ҚР ҚІЖК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Еске салсақ, бұған дейін қыз зорлады деген күдікпен Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы қамауға алынған болатын. 

Соңғы жаңалықтар