Қонаевта 260 тонна көктайғаққа қарсы материал әзірленді
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаев қаласында қыс мезгілінде қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін 60 жанар-жағармай және 260 тонна көктайғаққа қарсы материалдар әзірленді.
Қала әкімдігінен мәлім еткендей, 15 арнайы техника және 30 жол қызметкерін жұмылдыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, жеке коммуналдық мекемелердің де техикасы мен мамандары тартылады.
«Қалаішілік жолдардың ұзындығы 214 шақырым. Қазір көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көктайғаққа қарсы материалдар қажетті мөлшерде дайындалды – 60 тонна тұз және 200 тонна қоспа. 3 тонна дизель отыны бар»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Осыған дейін Алматының қысқы маусымға дайындық жұмыстары туралы жазған едік.
Алматыда қысқы кезеңде қалаға қызмет көрсету үшін 918 бірлік техника бар, жолдар мен тротуарларды тазартуға 1 400 жол жұмысшысы тартылуы мүмкін. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 2,7 мың км асатын 2318 көшеде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.