Қонаевта кәріз құдығына түсіп кеткен жылқы құтқарылды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Қонаевтың патрульдік полицейлері қиын жағдайға тап болған жылқыны құтқарып, нағыз батылдық пен кәсібилік танытты.
Алматы облысы орталығының жеке тұрғын үй секторларының бірін патрульдеу кезінде «Бүркіт-253» ППВ полицейлері ашық тұрған кәріз құдығына құлап қалған жылқыны байқады.
Жағдайдың күрделілігін бағалай отырып, полицейлер жақын маңдағы патрульдік жасақты көмекке шақырды.
Құтқару операциясы оңай болған жоқ: жануардың салмағы мен көлемі жұмысты айтарлықтай қиындатты. Алайда, Ернар Омаров пен Айбек Тұрсыновтың құрамындағы «Бүркіт-253» ППВ, сондай-ақ Дархан Есімханов пен Серік Ордабаевтың құрамындағы «Бүркіт-261» патрульдік полиция взвод іс-қимылдарының арқасында жылқы аман-есен құдықтан шығарылды. Барлық жұмыстар жануарға зиян келтірмеу үшін аса мұқият орындалды.
Құтқару операциясы нәтижесі сәтті аяқталып, жылқы иесіне табысталды, өз кезегінде ол полицейлерге алғырлығы және жеделдігі үшін ризашылығын білдірді.
– Біз тәртіпті сақтау үшін ғана емес, мұқтаж жандарға да көмек көрсету үшін қызмет етеміз. Осындай сәттерде біздің жұмысымыз адамдарды қорғау ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі қорғай алмайтындарға көмектесу екенін түсінеміз, — деп бөлісті Ернар Умаров
Бұл оқиға полицейлердің әрқашан күрделі жағдайларға дайын екенін және қиындықтардан қорықпайтынын дәлелдеді. Құтқарылған жылқы күш-қуаттың, батылдық пен мейірімділіктің кез келген сәтте көмекке келуге дайын екендігінің нышанына айналды.