Қонаевта қоғамдық орындарды ластаған азаматтарға 1 млн теңге айыппұл салынды

ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында шаһардағы тазалық мәселесіне аса көңіл бөлініп жатыр.

Маңғыстауда Түпқараған және Қарақия аудандары әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларына айыппұл салынды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Қала әкімдігінің мәліметінше, 1-8 наурыз аралығында ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 39 азаматқа хаттама толтырылып, 766 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

Одан бөлек, қала инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру фактілеріне сәйкес, 92 жеке және заңды тұлғаға 943 680 теңге айыппұл салынған.

- Аталған бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасады. Қонаев қаласының тұрғындарынан заңнаманы бұзбауларын, тазалық ережелерін сақтауды сұраймыз, - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Еске салайық, бұған дейін тұтынушылар саны өсуіне байланысты Қонаевта 4 жылыту қазандығы жаңартылатынын жазғанбыз.