Қонаевта жаңадан төселген асфальт опырылып, ішіне көлік түсіп кетті

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Қонаев қаласында жаңадан төселген асфальт опырылып, ішіне көлік түсіп кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қонаевта  жаңадан төселген асфальт опырылып, ішіне көлік түсіп кетті

Оқиға орнынан түсірілген суреттен жаңадан төселген асфальттың опырылып, жер шұңқырайып қалғанын анық көруге болады.

«Бұл жағдай суық су құбырының жарылуы себебінен болды. Қазір жол қалпына келтіріледі»,- деді ҚазАқпарат тілшісіне Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел.


Фото: www.instagram.com/konaevkz