Қонағын пышақтап өлтірген қызылордалық азамат 9 жылға сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған 37 жастағы азаматқа қатысты айыптау үкімі жарияланды,-деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық сотқа сілтеме жасап.
None
None

Адам өлімімен аяқталған оқиға биыл 7 сәуір күні болыпты. Осы күні түс ауа сотталушы үйіне келген қонағымен алкогольдік ішімдік ішеді. Ащы су басқа тепкен екеудің арасында дау туып, үй иесі қонағын ұрып құлатып, екі мәрте пышақ сұғып алады. Алған дене жарақатының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс  болыпты.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеуге деп белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар