Концерттегі оқыс оқиға: 300 адам зардап шекті

МАДРИД. ҚазАқпарат - Испанияның Виго қаласында өтіп жатқан концерт кезінде көрермендер отырған ағаш платформа құлап, соның салдарынан 300 адам зардап шекті. Бұл туралы EFE агенттігі хабарлайды.

Концерттегі оқыс оқиға: 300 адам зардап шекті

Тоғыз адам ауруханаға жатқызылған, соның екеуі кәмелетке толмағандар.

Оқыс оқиға спорт және мәдениет фестивалі аясындағы концерт өтіп жатқан кезде болған. Хабарларға қарағанда, адам шығыны жоқ.

Құқық қорғау органдары оқыс оқиғаның егжей-тегжейін тексеріп жатыр. Болжамдарға қарағанда, ағаш платформа көрермендердің шамадан тыс көбеюінен құлап түскен болуы мүмкін.

null