Кондитерлік және май өнімдерін өндірушілердің тұтынушыларды алдағаны анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері бөлшек сауда желісінде өткізілетін май және кондитер өнімдеріне зерттеу жүргізді.
Тұтынушыларды алдау Қызылорда қаласындағы «Аль-Асад» сауда үйінде Махеевъ «Оливковый» майонезін (өндіруші «ЭССЕН Продакшн» ЖАҚ, Самара облысы) өткізу кезінде анықталды. Норма бойынша 67%, ондағы майдың құрамы 55%-ды құрайды. Қызылорда қаласындағы «Аль-Асад» сауда үйінде «Саратовский 67%» майонезін (өндіруші «Жировой комбинат» ЖАҚ, Саратов қаласы) құрамында қышқылы жоғары болған.
«Крестьянское» сары майының сынамасында (өндіруші «Рост» ӨК» ЖШҚ, Новосибирск қаласы) Павлодар қаласындағы «Мирас» сауда үйінде өткізілетін майдың нақты массасы үлесінің, ылғалының, энергетикалық құндылығы сәйкес келмейтіні анықталды.
Бұдан басқа, май өнімінің 8 түрінде: Екатеринбург қаласы «Жировой комбинат» ААҚ, Самар облысы «ЭССЕН Продакшн» ЖАҚ, «ЭФКО» ААҚ (Белгород және Свердлов облыстары) майонездерінің сынамаларында, Ростов-на-Дону қаласының «МЭЗ Юг Руси Ростов» филиалының «Золотая семечка» күнбағыс майы сынамасында техникалық регламенттерге сәйкессіздіктер анықталды. Комитеттің департаменттері жоғарыда аталған өнімдерді айналымнан алып тастау және оларды сәйкес келмейтін тауарлар тізіліміне енгізу жөнінде іс-шараларды жүргізуде.
Кондитерлік өнімдерді зерттеу кезінде «Аленка» шоколадында ашытқының 8,5 есеге артқаны байқалды. Сынама Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының «АлмаСтор» ЖШС-сының филиалы «АДК» сауда үйінде алынды. Орман жаңғағы қосылған «Алена» шоколадын Мәскеу қаласы, Краснознаменная көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан «Красный октябрь» ААҚ өндіреді. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу кезінде микробиологиялық көрсеткіштері бойынша аталған сынама өнімдегі ашытқысының құрамы бойынша «Тмақ өнімінің қауіпсіздігі туралы 021/2011 КО ТР-ге сәйкес келмейтіні анықталды, көрсеткіш нормасы 50 КОЕ/г болуы тиіс болғанда, нақты құрамы 470 КОЕ/г көрсетті.
Бұдан өзге, кондитерлік өнімдердің 10 сынамасында сынамасында: Липецк қаласының «Липецкая кондитерная фабрика «Рошен» ААҚ, Мәскеу облысының «Марс» ЖШҚ, Кемер облысының «Яшкино» КДВ ЖШҚ, Волгоград облысының «Руский бисквит» ЖАҚ, Белгород облысының «Славянка плюс» ЖШҚ-ның кондитерлік бұйымдарының сынамаларында техникалық регламенттерге сәйкессіздіктер анықталды, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің баспасөз қызметінен.